Doss dental
МЫ занимаемся продажами тортов и других. Если вы хотите покушать вкусную выпечку то это к нам
Наша клиника DOSS DENTAL дарит заботу каждому пациенту. Мы не просто лечим зубы — мы сопровождаем, поддерживаем и помогаем сохранить здоровье и уверенность в улыбке.
09/06/2026
Тіс жоғалған кезде көп адам өзін жайсыз сезіне бастайды: еркін күле алмайды, қалаған тамағын шайнауға қиналады, өзіне деген сенімділігі төмендейді.
Ал қазіргі таңда толық тіс қатарын қалпына келтіру үшін ондаған операция немесе ұзақ жылдар күтудің қажеті жоқ.
🦷 All-on-4 технологиясы арқылы толық тіс қатарын 4 имплантқа бекітілген тұрақты конструкциямен қалпына келтіруге болады.
Бұл тек жаңа тістер емес. Бұл — еркін күлу, сүйікті тағамды еш алаңсыз жеу және өзіңізге деген сенімділікті қайта сезіну.
DOSS Dental-да әр жағдай цифрлық диагностика негізінде жоспарланып, емдеу халықаралық протоколдарға сәйкес жүргізіледі.
🦷 Biorepair — тістеріңізге күнделікті күтім мен қорғаныс.
Бұл паста эмальды нығайтуға, сезімталдықты азайтуға және тіс бетінің табиғи қалпына келуіне көмектеседі. Күнделікті қолдануға жарамды, ересектер мен балаларға арналған түрлері бар.
✨ Әдемі күлкі – дұрыс күтімнен басталады.
📍Толық ақпарат алу үшін бізге хабарласыңыз.
Пломба қойдырғаннан кейін көпшілік: «Енді бұл тіс өмір бойы қызмет ете ме?» деп сұрайды…
Өкінішке қарай, кез келген пломбаның өз қызмет ету мерзімі бар. Бірақ оның қанша уақытқа шыдайтыны көбіне өзіңізге байланысты. Тістерді дұрыс тазалау, кәсіби гигиена, профилактикалық тексерулер және ауыз қуысына ұқыпты қарау пломбаның ұзақ сақталуына көмектеседі.
Жақсы күтім жасалған жағдайда пломба 5–10 жыл, кейде одан да ұзақ уақыт қызмет етуі мүмкін.
🦷Тістеріңіздің саулығын кейінге қалдырмаңыз. Уақытылы тексеру көптеген мәселелердің алдын алып, ем нәтижесін ұзақ жылдарға сақтауға көмектеседі🫂
01/06/2026
🩵 1 маусым – балаларды қорғау күні құтты болсын!
Балалар – біздің болашағымыз, қуанышымыз бен үмітіміз. Әрбір баланың балалық шағы бақытқа, мейірімге және жарқын сәттерге толы болсын.
Бүгінгі мерекеде барлық бүлдіршіндерге зор денсаулық, шаттық, көтеріңкі көңіл-күй және ешқашан сөнбейтін әдемі күлкі тілейміз! 😊✨
Ізгі тілекпен,
Dos Dental Clinic ұжымы 🫂
29/05/2026
Тотальды реабилитация — бұл тек эстетика емес, сонымен қатар тістердің толық функциясын қалпына келтіру ✨
Бұл клиникалық жағдайда пациентке қайта эндодонтиялық ем жүргізіліп, тістер протездік кезеңге дайындалды. Қазіргі таңда PMA уақытша конструкциялары орнатылған. Келесі кезеңде тұрақты цирконий коронкалары қойылады.
🦷 Әр ем — дәлдік пен кәсіби тәсілді талап етеді
Брекет шешілгеннен кейін ем аяқталды деп ойлау — үлкен қателік 🦷
Әдемі нәтиженің сақталуы үшін ортодонт бақылауы міндетті.
Себебі брекеттен кейін:
• ретейнердің ажырауы
• тістердің қайта қозғала бастауы
• қызыл иектің қабынуы
• бастапқы кариес пен ақ дақтардың пайда болуы мүмкін.
Сол үшін әр 6 ай сайын ортодонт қабылдауына келіп, ретейнер мен каппалардың жағдайын тексертіп тұрған дұрыс ✨
Дұрыс бақылау — әдемі күлкінің ұзақ сақталуының кепілі🫂
Көп адам имплантация ауыр әрі қиын процедура деп ойлап, ұзақ уақытқа кейінге қалдырады. Бірақ шын мәнінде бәрі ойлағандай қорқынышты емес 🫂
Видеода имплантация туралы толығырақ айтып өттік. Көріп шығыңыз және сұрақтарыңыз болса, бізге жазыңыз 📩
Спасибо каждому пациенту за доверие и такие тёплые слова 🤍
Для нас самое ценное — видеть ваши улыбки, эмоции и слышать, что вы довольны результатом.
Мы вкладываем не только знания и опыт, но и заботу в каждого пациента 🫶
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Aktau
