kzo_shipager

kzo_shipager

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from kzo_shipager, Health/Beauty, Kyzylorda.

17/06/2026

✨ Пациенттеріміздің жылы лебізі – біз үшін ең үлкен марапат.
Әр алғыс сөзі, әр ризашылық – еңбегіміздің бағасы әрі алға ұмтылуға берілетін күш.

Сенім артқан әрбір жанға алғыс айтамыз. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық тілейміз.
Алдағы уақытта да пациенттеріміздің жылы лебізіне бөлене берейік! 🤍🌿
#клиника #қызылорда #ем #денсаулық #қазақстан

11/06/2026

Ақша жоқ деп, массаж алатын досыңды белгілеп тіркеліп кетші😅
#массаж #клиника #қызылорда #денсаулық

09/06/2026

Он жастағы ер бала клиникамызға анасының шағымымен келді. Баланың жүрек тұсының ауыратынына байланысты дәрігер толық тексеру жүргізіп, жағдайын жан-жақты бағалады. Тексеру нәтижесінде жүрекке қатысты мәселе анықталып, уақыт оздырмай жедел түрде ем тағайындалды.

Денсаулық – ең үлкен байлық. Уақытылы қаралып, дер кезінде ем қабылдау көптеген асқынудың алдын алады. Баламызға шипалы ем болып, тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз 🤍
#клиника #қызылорда #ем #денсаулық

06/06/2026
05/06/2026

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!

Денсаулық – адамға берілген ең үлкен байлық. Аурудың алдын алып, салауатты өмір салтын ұстану – өзімізге жасаған ең үлкен қамқорлық.

Уақтылы тексеріліп, дұрыс тамақтанып, белсенді өмір сүріп, денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық. Бүгінгі күтім – ертеңгі саулықтың кепілі.

🌿 Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!
🌿 Денсаулықты бүгіннен бастап бағалайық!
🌿 Сау дене – бақытты өмірдің негізі!
#клиника #қызылорда #ем #денсаулық

30/05/2026

🌹 Емнің нәтижесі – емделушінің қуанышы! 🌹

Тізе буынының ауырсынуымен клиникамызға келген апамыз 10 күндік ем қабылдап, бүгінгі таңда өзін әлдеқайда жақсы сезінуде. Ауырсынуы азайып, жүріп-тұруы жеңілдеп, ем нәтижесіне риза болып, өзінің алғысын білдірді.

Әрбір емделушіміздің сауығып, денсаулығының жақсаруы – біздің ең үлкен жетістігіміз. Апамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

Сіз де буын, тізе және омыртқа ауруларынан қиналсаңыз, уақытылы тексеріліп, мамандардан кеңес алыңыз. Денсаулық – баға жетпес байлық! 💚

#ШипалыЕм #ТізеАуруы #ЕмНәтижесі #Алғыс #Денсаулық Қызылорда КлиникамызғаРахмет

28/05/2026

Клиникамызға алғаш келген кезде емделушіміздің жүрек соғысы өте жоғары болып, жүрек ақауы мазалап жүрген еді.
Дәрігерлердің бақылауымен 10 күндік ем қабылдап, Алланың қалауымен денсаулығы жақсарып, көңілі орнына түсті.

Бүгінде шипалы емнің нәтижесін көріп, ақ батасын беріп, ризашылығын білдіруде 🤍

Әрбір емделушіміздің сауығып, қуанышпен күліп шыққаны — біз үшін үлкен бақыт.
Шипалы ем барша жанға дарсын! 🌿
#клиника #қызылорда #ем #денсаулық #қазақстан

22/05/2026

Шиелі ауданынан келген Апамыздың шынайы пікірі🫶
Әрбір емделген жанның емі шипалы болсын🙏
#клиника #қызылорда #ем #хантөре #денсаулық

18/05/2026

✨ От ине емінің пайдасы ✨

От ине емі — шығыс медицинасында кеңінен қолданылатын табиғи ем тәсілдерінің бірі. Бұл ем түрі ағзадағы қан айналымын жақсартып, бұлшықет пен буын ауруларын жеңілдетуге көмектеседі.

✅ Бел, мойын, тізе ауруларына
✅ Қан айналымын жақсартуға
✅ Бұлшықет құрысуын азайтуға
✅ Шаршау мен әлсіздікті басуға
✅ Иммунитетті көтеруге
✅ Жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдалы

От ине емі дәрігердің бақылауымен жасалғанда тиімді нәтиже береді. Әр ем алушыға жеке тексеру жүргізіліп, соған сәйкес ем тағайындалады.

🌿 Денсаулық — зор байлық.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!
#клиника #қызылорда #ем #денсаулық #қазақстан

Want your business to be the top-listed Beauty Salon in Kyzylorda?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Website

Address


Kyzylorda