Aidosh_kin_faberlic
Фаберлик компаниясы. Тегін тіркелу. Қосымша табыс.
13/02/2021
*ЖИРНЫЙ НАМЁК🤭
Соңына дейін оқы👇, өзіңді танып қаларсың🤗
Біз кейде өз ойымызды мағыналы фразалар мен дайын картиналы афоризмдер арқылы жеткізіп жатамыз. Инстадағы парақшалар мен ватсаптағы статусқа өмірлік мәні бар неше түрлі картиналарды салып қоясыңдар ғой➡️" Өмір деген осындай екен, ешкімге неғымау керек екен", "Біреу саған нетсе, сен оған нетпей-ақ қой. Өмір өзі нетеді потом", "Бұл жалғанда нетпеу үшін неғылмау керек", "Неғыса тек нету керек, әйтпесе нететіндер төбеңе шығады екен", "Сенің неткеніңді тез ұмытады жұрт, бірақ неткеніңді еш ұмытпайды"...
Сосын мынандай да әдеттеріңіз бар ғой➡️ Уағыздар мен ақыл айтқыш роликтерді жіберіп жеңілдейсіздер ғо еще дә мойындаңдарш. 😅 Күйеуіңе айта алмай жүрген дүниеңді инстада көріп қалсаң, даусын қатты шығарып қайта-қайта тыңдай бересің. Ол естіп жатыр ма екен деп бір қарап қоясың👀 " Ойбай, әйел деген керемет. Әйелдерің аманат сендерге. Соларды сыйлаңдар. Ұл-қызыңды туып беріп отыр. Әйелдер супер" деген жан тебірентер роликтерді күйеуге жіберіп, как будто сол видеоны көріп бір күнде тәубесіне келе қалатындай сезімде қиялданып жүреміз😇
Өзің ішіңдегі алай-дүлейді бетіне айтып жындысың ба? Одан да жақсы фраза тап та, статусқа салып қой. Кінәлі адам өзі түсінеді, ана жақта, мені айтып жатыр ма деп қылғынып жатады😂
Онымен ұрсысып, жексұрын болып, сөз шығындап, нерв құртып неғыласың🤯. Одан да сондай бір жирный намёкты жіберіп отыра бер😂
Фотодағы цитата қалай кетті👆🤪
Аяғына дейін оқығандарыңыз хотя бы ➕ қойып кетіңіздерші коментке👇👇👇👇👇👇👇
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Website
Address
Кусепкалиев 31
Oral
