Akerke Glow
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Akerke Glow, Казахстан, Shymkent.
6 жыл бұрын осы жерді ашқанда, Шымкентте мұндай дизайн мүлдем жоқ еді.
Енді 6 жылдан кейін магазинді толық жаңартып жатырмыз. Қазір ішіндегі дүниенің бәрін жинап, складқа шығарып жатырмыз, ал алда ең күрделі жұмыстар басталады.
Командама үлкен рахмет ❤️
Өзіме тағы бір вызов тастап қойдым 😅
1 қазаннан бастап ровно 1 ай.
Алдымда — өте күрделі дизайндағы магазиннің ремонты.
Бұл жай ғана ремонт емес. Әр детальға, әр жұмысшыға жауапкершілік алып отырмын. Аликабонд, темір конструкциялар, гипсокартоннан жасалатын күрделі элементтер — жұмыстың өзі оңай емес.
Бірақ 1 қарашаға дейін бітіремін деп өзіме уәде бердім.
Егер үлгерсем — өзіме көптен бері вишлистте тұрған сыйлықты алып беремін 👀
Ал үлгермесем… 100 мини-сыйлық таратуға уәде бердім 😂
Енді шегінер жол жоқ.
1 айдан кейін көрерміз, кім жеңетінін 👀
Бұны бірінші рет жасап тұрмын 👀
Шыға ма, шықпай ма — бірге көрейік 😄
Процессін де, результатын да көрсетем 👌
Соңына дейін қараңдар 🤍
Үйдегілер көмектескен соң, бәрі жеңіл 🫶
Заготовка бар — ас та тез, көңіл де тыныш 🤍
Күйеуге шығардың алдында… бәрі басқаша еді.
Сол кезде мен “тамақ істеймін” деген образ жасап алғанмын 😅
Сестренкама тамақ жасап беріп, “бұл менің қолымнан шықты” деп апарып беретінмін. Ішімнен: “ертең тұрмысқа шықсам, бәрін істей аламын” деп сенетінмін.
Бірақ шындық… ерте ме, кеш пе көрінеді ғой.
Күйеуім бір күні түсініп қойды — мен сонша шебер аспаз емеспін 😄
Бірақ соған қарамастан, тұрмысқа шыққаннан кейін де бес түрлі тамақты бірден үйреніп кеттім.
Қолымнан келеді екен.
Уақыт өте келе бәрі өзгерді.
Қазір біз “күнде тамақ пісіру” деген режимде емеспіз.
Бізде — заготовкалар.
Алдын ала дайындап қоямыз, сосын жарты сағатта бәрі дайын болып кетеді.
Бір жағынан жеңілдік, бір жағынан өмірді жеңілдету.
Ең бастысы — отбасың тоқ, өзің шаршамайсың 🤍
Тауарды өз бағасынан түсіріп сату — клиент тартудың ең оңай жолы.
Бірақ бұл жолмен бизнес өспейді.
Иә, бүгін клиент келеді.
Иә, касса жүреді.
Бірақ ертең сен қайтадан бағаны түсіруге мәжбүр боласың.
Себебі сен құндылық емес, арзандық сатып жатырсың.
Ал шынайы бизнес —
баға түсіру емес,
құндылық көтеру.
Клиент саған баға үшін емес,
сен үшін келетін деңгейге жету керек.
Фейкпен күрес оңай емес. Көп компаниямен жұмыс істегеннен кейін бір нәрсені түсінесің — сенім ең қымбат нәрсе.
Басында бәрі “арзан жер бар” сияқты көрінеді. Бірақ кейін анализ жасай бастайсың: қайдан, қалай, не үшін мұндай баға шығып тұр?
Мен де соны тексердім. “Мүмкін маған қымбат беріп жатқан шығар” деп компаниядан тікелей ұсыныс сұрадым.
Сөйтсем, олар біреуге бөлек, біреуге бөлек баға қоймайды екен — барлық сотрудниктеріне бірдей прайс.
Осы жерде түсінесің: проблема бағада емес, нарықтағы фейкте.
Сондықтан біз фейкпен күресеміз.
Себебі клиент алданбауы керек.
Себебі сапа — кездейсоқ нәрсе емес 💛
Біздің ең энергиясы жоғары ведущаямыз — Динара 🔥
Ол тек жүргізуші емес, нағыз полиглот та 💬✨
Бүгін “үлгермеймін” деген еді, бірақ бәрібір келіп, клиентский күннің атмосферасын көтеріп берді 🎤💛
Рахмет, Динара — сенің энергияң бізге күш береді ❤️
Біздің клиентский күндер – жай ғана сату емес, нағыз атмосфера ✨
Бұл күндері дүкеніміз ерекше көңіл күйге толады: музыка, адамдар, энергия… Әр келген клиентке тек өнім емес, көңіл күй, эмоция, кішкентай мереке сыйлауға тырысамыз 🤍
Сюрприздеріміз де бар — әрқайсыңызға арнайы сыйлықтар дайындаймыз 🎁
Әр клиентский деньде бізбен бірге диджей мен ведущий жұмыс істейді, сол кісілердің арқасында бәрі тіпті қызықты, тірі, есте қалатындай өтеді. Осындай атмосфера жасап жүргендеріне үлкен рахмет ✨
Келген әр адам осы күнді ерекше сезініп, күліп, жақсы эмоциямен кетсе — біз үшін ең үлкен нәтиже 🤍
Click here to claim your Sponsored Listing.
Contact the business
Website
Address
Казахстан
Shymkent
160006
Alerts
Be the first to know and let us send you an email when Akerke Glow posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.
